Автор: Бибихан Г.
Сабақтың тақырыбы: Тіл үздікдіктері
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың білімдерін тексеру
Сөйлеу қабілеттерін тексеру, шешендік өнерлерін тексеру.
Ұйымдаса жұмыс істей білуге , өз пікірін қорғай білуге баулу.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, тест, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Дана сөздер
“Ана тілі – дана тілі”
“Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой”
“Өнер алды – қызыл тіл”
Мұғалім сөзі: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Мектебіміздің Тіл апталығына арналған, 9-10-сыныптар арасында өтетін “Тіл үздігі” атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
“Тіл үздіктер” сайысын бастайық. Сайысымыз 5-турдан құрылған.
Енді сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін, зеректіктерін байқап, бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
І-тур. “Білім сайысы” (тест сұрақтар)
Берілген тест сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек.
ІІ-тур. “Ғажайып жетілік” (тірек сөздер арқылы, көркем шығарманың атауын , авторын, жанрын анықтау)
ІІІ-тур. “Егер де мен” (ой толғау жазып, оны қорғау)
І-топ “Әнші” ІІ-топ “Споршы”
ІҮ-тур. “Сөз мергені” (сөз тіркесі, мақал-мәтел, көнерген сөздерді табу, мәнін ашу)
Ү-тур. “Жорға” (танымдық сұрақтарға тез жауап беру)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Оқушылар бүгінгі сайысымызға қатысып, өз біліктіліктерінді көрсеткендеріне көп рахмет, сөз кезегін әділ қазыларға берейік. Олар сіздердің ұпай сандарын қорытындылап, сайыстың жеңімпаздарын анықтайды.